Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультеті

Факультет деканы

Орманбекова Айнур Алибековна

Ассистент-профессор, PhD-доктор

Құрметті талапкерлер!

Қазіргі әлем күн сайын өзгеріп, жаңа технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Осындай жылдам дамып келе жатқан шынайылықта табысты болу үшін тек білім алу жеткіліксіз — оны тәжірибеде қолдана білу аса маңызды. Дәл осы дағдыларды АТУ-дың Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультеті үйретеді.

Біз жаңа буын инженерлерін — ғылымды, технологияны және шығармашылықты біріктіре алатын заманауи мамандарды даярлаймыз. Біздің түлектер заманауи цифрлық құралдарды меңгерген, бағдарламалық өнімдерді әзірлей алатын, робототехникалық жүйелерді құрастыра білетін және күрделі техникалық процестерді жобалап, басқара алатын жоғары білікті мамандар болып шығады.

Неліктен біздің факультетті таңдайды:

  • Заманауи білім беру бағдарламалары — индустрия 4.0 және цифрлық экономиканың талаптарына толық сәйкес келеді;
  • Тәжірибе бағытындағы оқу үдерісі — нақты жобалар, зертханалық зерттеулер және жетекші кәсіпорындардағы өндірістік тәжірибелер;
  • Халықаралық ынтымақтастық — қос диплом бағдарламалары, академиялық ұтқырлық және шетелдік профессорлардың дәрістері;
  • Инновациялық инфрақұрылым — автоматтандыру, робототехника, жасанды интеллект және ақпараттық жүйелер салаларындағы заманауи зертханалар;
  • Түлектердің сұранысқа ие болуы — біздің студенттер IT-компанияларда, өнеркәсіп, энергетика, жобалау және ғылыми-зерттеу орталықтарында табысты еңбек етуде.

Факультеттің білім беру бағдарламалары

6В07103 — Автоматтандыру және басқару
6В07104 — Роботтар және робототехникалық жүйелер
6В07105 — Технологиялық машиналар мен жабдықтар
6В07106 — Тоңазытқыш машиналар және ауа баптау жүйелері
6В07108 — Өндірістік робототехника
6В07109 — Цифрлық энергетика

7М07103, 7М07133 — Автоматтандыру және басқару
7М07105 — Технологиялық машиналар және жабдықтар
7М07106 — Тоңазытқыш машиналар және кондиционерлеу жүйелері
7М07104 — Роботтар және робототехникалық жүйелер

8D07105 — Технологиялық машиналар және жабдықтар
8D07103 — Автоматтандыру және басқару


Біз сенеміз: болашақ — инженерлік тұрғыда ойлай алатын, технологиялық тұрғыда әрекет ететін және инновация көзімен әлемге қарай білетін жандардың қолында.
Егер сіз сол болашақтың бір бөлігі болғыңыз келсе — Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультеті сізді күтеді!

Біз әрқашан ізденімпаз, мақсатшыл және әлемді жақсартуға ұмтылған жастарға есігімізді айқара ашамыз.

Мекенжайы: Райымбек даңғылы, 348/4, 2-Б оқу корпусы, 224, 226 кабинет
Телефон: 396-71-33, ішкі (122, 123)
Электрондық пошта: decanfiiitatu@gmail.com
Instagram парақшасы: @atu_fiiit

Факультеттің кафедралары

Студенттік өмір

Қызметкерлер

Халықаралық қызметтер

Жазғы мектеп

Өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру» кафедрасының жазғы мектебі

Erasmus+

Факультет Еуропалық Одақ елдерінің университеттері, сонымен қатар Исландия, Лихтенштейн, Солтүстік Македония, Норвегия, Түркия арасында студенттер мен оқытушылармен алмасу бойынша коммерциялық емес Эрасмус + (Erasmus+) бағдарламасына қатысады.

Серіктестер

Санкт-Петербург ұлттық зерттеу ИТМО университеті, Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, Техникалық университет Габрово, Белосток технологиялық университет, И. Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (КГТУ), М. Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті.

Академическая мобильность

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз